АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев кездесті. Басқосуда қос тарап ауыл шаруашылығы, білім беру, экология салаларындағы қарым-қатынастарды нығайту барысын талқылады. Айта кетейік, АҚШ Қазақстанға тікелей инвестиция тарту бойынша көшбасшы елдердің бірі. Ал, АҚШ пен Алматы облысы бұған дейін де бірқатар жобаларда сенімді серіктестік танытқан. Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Алматы облысы мен Американың ынтымақтастығын одан әрі дамыту керектігін атап өтті. Сондықтан, инвестиция тартуға баса назар аудару қажет.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.