Жетісу облысында тұрғындар саны көп әрі мемлекеттік шекараға жақын орналасқан стратегиялық маңызы жоғары аймақтың бірі – Панфилов ауданы. Соңғы жылдары мұнда саяхатшылар легі көбейіп, туристік әлеуеті арта түскен. Сонымен қатар білім беру нысандарын жаңғырту мен жаңа әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы жұмыстардың жүзеге асу барысын бағамдау мақсатында облыстық мәслихат депутаттары ауданға арнайы барып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның жай-күйімен танысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






