Интернетті үнемдейік. Еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеуге шақырды. Сөзінше, интернет те таусылатын ресурс. Соңғы уақытта ел азаматтары байланыс пен мобильді интернеттің жұмыс сапасына жиі шағымданатын болған. Оның үстіне, көпшілігі оператор тарифтерінің бағасының шарықтап кеткеніне де наразы. Бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет кулуарында осы мәселеге қатысты пікір білдірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.