Еңбекшіқазақтағы Шелек ауылының оқушылары мектепке аяқ киімнің сыртынан салафан киіп баруға мәжбүр. Себебі, округтегі Ырысты көшесінде күзде қазылған жер әлі қалпына келтірілмеген. Тұрғындардың айтуынша, жұмысшылар қазан айының соңында кәріз жүйесін орнату мақсатында жерді қазып, бетіне тіпті көк тас сеппестен тастап кеткен. Күз бен көктем айларында мұнда адам тұрмақ көліктің жүруі қиындап кетті – дейді наразы жұрт.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.