Жетісу облысында биылғы жылдың тоғыз айында сүт безі обырының 127 жаңа жағдайы анықталған. Оның 51-і аурудың бірінші сатысында тіркелсе, 66 науқастан екінші сатысы нақтыланды. Қазір өңірде «Қызғылт қазан» айлығы өтіп жатыр. Республикалық акция аясында әйелдерге арналған тексерулер мен медициналық кеңестер ұйымдастырылуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






