Биыл Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл. Қоғам қайраткерінің мерейтойына орай Талдықорғандағы орталық кітапханада конференция өтті. “Ұлттың ұлы тұлғасы” атты онлайн жиында ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлының есімі ұлықталды. Зиялы қауым мемлекет қайраткерін еске алып, өмірі мен шығармашылығын сөз етті. Шараға Семей, Тараз қаласының Шәкәрім және Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы университетінің профессорлары, жазушы, зерттеуші ғалымдар қатысты. Айта кетейік С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы Әлихан Бөкейханов жайлы танымдық шараларын бір апта бойы ұлықтайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.