Үкімет Қонаев қаласының бас жоспарын бекітті. Оны іске асыру 2050 жылға дейін жалғасады. Аясында облыс орталығындағы өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық аймақтарды ұтымды бөліп, қаланы тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз ортаға айналдыру көзделген. Жоспарда орталықтың перспективалық шекарасына қосылатын елді мекендер мен тұрғын үй кешендері де ескерілді. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық жүйесін жаңғыртуға да аса көңіл бөлінген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.