Қонаевта «І Халықаралық туризм және медиа форумы» атты тағы бір ауқымды шара өтті. Онда әлемнің 16 елінен және еліміздің түкпір түкпірінен жиналған 200-ге жуық журналист бас қосты. Шараға қатысу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келді. Мұнымен қоса, форумда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Түркітілдес журналистер қорының президенті сөз сөйледі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.