Жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, аталмыш процес – жыл сайын 3 миллионға жуық бала өлімінің алдын алады. Мұндай профилактикалық шара нәтижесінде әлем елдерінде өмір сүру жасы да ұзарған. Осы орайда әр жылдың сәуір айында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Аясында Қонаев қалалық ауруханасында тұрғындарды екпемен қамтуды арттыру жұмыстары басталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.