Қонаевта «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын жүзеге асыру мақсатында жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды. Қазақ тілінде өткен шараға еліміздегі кітапханалар, Достық үйлері, Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері атсалысты. Жастарды тіл білуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырушылар атынан қатысушыларға электронды сертификаттар табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.