Ынтымақтастық көкжиегі кеңейді. Қорғас қаласында алғаш рет Іле халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі өтті. Аталмыш шараға Қазақстан мен Қытай мемлекеттері қатысты. Мақсат – қос ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Өзара тәжірибе алмасып, өнімдерімен танысу. Айта кетейік, жәрмеңке «Бір жол, бір белдеу» халықаралық жобасының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.