“Қорғас” Шекара маңы Ынтымақтастығы Халықаралық орталығы 3 жылдық үзілістен кейін қайта ашылады. Бекет жұмысын 24 сәуірде бастайды. Айта кетейік халықаралық орталық әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жабылған еді. Өткен үш жыл ішінде Басқарушы компания бекет қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Қазіргі күні жүк алып өту тәртібіне өзгерістер еніп, келушілерге көптеген жеңілдіктер жасалған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.