Алматы облысынан жыл сайын 3 мың азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Оның 1,5 мыңға жуығы көктемде қалғаны күзгі шақырылыммен әскер қатарына жіберіледі. Оның бір қатарын бүгін облыс орталығынан шығарып салды. Салтанатты шараға өңір басшысы, Қорғаныс істері Департаменті және Қонаев гарнизонының бастықтары, Тәжік-ауған соғысының ардагерлері қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.