Отандық шаруашылықтар озық техникамен жарақтандырылып жатыр. Бұл игі үрдіске «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім», «Өз азығы», «Жеңілдікті лизинг» деп аталатын лизингтік бағдарламалар сеп. Жеңілдетілген лизинг “Қазагроқаржы” акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылуда. Былтыр бұл жеңілдікті республика бойынша 1500 шаруа пайдаланып, 3500 техникаға қол жеткізді. Биыл да бұл іс жарасымды жалғасын табуда. Жалпы, Жетісу облысының шаруалары да техника жаңарту ісінде ілгері. Жыл басынан машина-трактор паркі 535 бірлікке толығыпты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.