“Үйі бардың -күйі бар”. Панфилов ауданында бірлік күнінде 4 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды. Шаңырақ алып, шаттанғандардың дені көпбалалы отбасылар. Жаңа пәтердің кілтін тұрғындарға аудан әкімі Марат Сағымбек табыстады. Әр үйдің кұны 8 млн теңге, одан бөлек, демеушілер бес жүз мың теңгеге қажетті техника мен ішкі жабдықтарын сыйға тартты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.