Панфилов ауданы соңғы 3 жылда әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамып келеді. 6 мектеп, 21 медициналық мекеме салынды. Кәсіпкерлер көмегімен 6 спорт кешені пайдалануға берілді. Тұрғын үй мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп, туризм саласында да ілгерілеушілік бар. Көгалдандыру бағытында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 15 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.