Қартын қадірлеген елдің ырысы артады. Халықаралық қарттар күніне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл аға буын өкілдерінің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Қала басшысы алдымен Жетісу өңіріндегі көзі тірі екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, ғасыр куәгері Ысқақ Құсайыновтың үйіне барды. Ардагерге ізгі тілегін жеткізіп, сый-сияпат табыс етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






