Панфилов ауданы – Қазақстан мен Қытай шекарасындағы стратегиялық маңызды аймақ. Мұнда еліміздің негізгі логистикалық бағыттары шоғырланған. Соның ішінде «Нұр жолы» кеден бекеті мен «Алтынкөл» теміржол станциясы халықаралық жүк тасымалының басты торабы болып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






