Пияздан пайда жоқ! Қонаев қаласының шаруалары ала жаздай пияз өсіргенімен, бейнетінің зейнетін көре алмай отыр. Яғни шығынға ұшырамақ. Себебі биыл нарықтағы пияз бағасы төмен. Ал, қыс келіп, пияз құнының өскенін күту үшін диқандардың өнім сақтайтын қоймасы жоқ. Жаз бойы тұрғындар егінді суару кезінде де қиындықтарға тап болып, тіпті мемлекеттен берілетін субсидияға да қол жеткізе алмай қалған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.