Қонаев қаласының полиция қызметкерлері 1 тәулік ішінде үйір жылқыны қолды еткен ұрыларды ұстады. Шаруақожалық иесі жылқылары ұрланғаннан кейін 1 апта өткенде арыз жазса да, жергілікті ішкі істер қызметкерлері тыңғылықты тексеріс жүргізіп, Жамбыл облысына өтіп кеткен құны 21 млн 900 мың болатын малды иелеріне кері қайтарған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.