2026 жылдың соңына дейін Жетісу облысын газдандыру деңгейі 90 пайызға жетеді. Ол үшін «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы қолға алынды. Жоба жүзеге асса 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекені көгілдір отынға қосылады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов аймаққа сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан осы маңызды газ құрылысының барысымен танысты. Сонымен қатар Премьер-Министр өңірдегі өңдеу өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша атқарылған жұмыстарды көру үшін Талдықорғандағы бірнеше кәсіпорынға барды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.