Президент Жолдауы алакөлдіктердің ел болашағына деген сенімін еселей түсті. Әсіресе халықтың табысын арттыру, цифрлық экономиканы дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы тапсырмалары Қазақстанның барлық саладағы дамуына серпін бермек. Мемлекет басшысы жаңа технологияларды енгізу нақты нәтиже беріп, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға қызмет етуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік саясаттың тиімділігі халықтың әл-ауқаты мен табыс деңгейі арқылы бағалануы тиіс екенін жеткізді. Президент инфляцияның әлі де жоғары екенін айтып, Үкімет пен Ұлттық банкке баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету бағытында бірлескен жұмысты күшейтуді тапсырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






