Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз, – деді. Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының күні кеше ғана жариялаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Бағыт бағдар айқындалып, жұмыс жоспарлары белгіленді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.