Білім, ғылым, жасанды интеллект және ауқымды құрылыс жобалары. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттар Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері арасында талқыланды. Жиынға қатысушылар ел дамуына қатысты бастамаларға тоқталып, білім беру жүйесін жаңғырту мен заманауи инфрақұрылым қалыптастырудың маңызын атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






