Президенттің қыркүйектегі кезекті, бұл жылдағы екінші жолдауы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақсаты – әділетті қоғам, біртұтас ұлт, берекелі қоғам құру. Діттеген жоспар ойдағыдай орындалуы үшін әуелі ұлттың саулығы маңызды. Ал Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Мұны мемлекет басшысының өзі де ашық айтты. Сондықтан президент пәрменімен бұл саланы қаржыландыру қайта қаралмақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.