Бүгін Қаратал ауданындағы 4 елді-мекен тұрғындары көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді. Табиғи газ Жаңаталап, Бастөбе, Достық және Қанебек ауылдарына берілді. Осылайша 6 мыңнан аса халық от жағып, күл шығарудың азабынан құтылып отыр. Ауданды газдандырудың жүйелі жоспары бойынша келер жылдың соңына деййін тағы 16 ауылға газ кіреді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.