Құтқарушылар күні – батырлар мерекесі. 1995 жылдан бері елімізде 19 қазан құтқарушылар күні болып бекітілді. Бұл күні өз басын қатерге тігіп, өзгенің өмірін аман алып қалуда аянбай еңбек ететін азаматтарға құрмет көрсетіледі. Айтулы датаға орай еліміздің барлық аймағында түрлі шаралар өтті. Алматы облысында да кәсіби мерекені сән салтанатымен қарсы алды. Салада міндетін мінсіз атқарып жүрген 30 қызметкерге арнайы марапат табыс етілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.