Сәбидің ана сүтін емізудің маңызы зор. Өйткені, бұл процесс нәрестенің іш ауруларын 25 есе, өзге сыртқаттарды 2,5 есеге азайтады. БАҚ өкілдерімен өткен брифингте педиатор-дәрігер Мақпал Қамбарбекова осылай дейді. Маманның айтуынша, әлемде ана сүтін алмастыратын ешқандай тағам жоқ. Сондықтан келіншектерге сәбилерін 2 жасқа дейін емізуге кеңес береді. Бұл бала үшін ғана емес, босанған әйел үшін де аса маңызды дейді дәрігер.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.