Жетісу өңіріне келген сенаторлар бүгін БАҚ жұмысымен танысты. Артынша телеарна, газет ұжымының қызметкерлерімен жүздесіп, ашық әңгіме өрбітті. ҚР парламенті сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, күзде БАҚ туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізіліп, қабылданбақ. Соны жүзеге асыру үшін алдымен өздеріңізбен ақылдасуға келдім дейді. Кездесу соңында журналисттер сұрағына жауап беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.