Жетісу облысына шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі даму институтының делегациясы келді. Олардың қатарында қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мамандары болды. Талдықорғандағы бірнеше зауытқа барып, басшылығына мемлекеттік қолдау шаралары мен мүмкіндіктерін кеңінен түсіндірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.