Шалғай жатқан елдімекендегі жұмыссыз әйелдердің кәсіп ашып, нәсіп табуына жағдай жасау керек. Мұндай ұсыныс Алматы облыстық әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Жиында келіншектер арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, олардың арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар тыңдалып, алдағы комиссияның жоспары айтылды. Айта кетерлігі, жиын облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахымның төрағалығымен өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.