Балқаш ауданына қарасты Ақдала ауылының шаруалары шылаушын өсіре бастағанына бір жылдан асты. Калифорниядан әкелінген жауын құрттар құмды өлкені тез жерсінген екен. Тіпті бау-бақша өнімдерін 2-3 есе артық алуға сеп болыпты. Жәндіктерден табиғи таза тыңайтқыш алып, биогумус арқылы мол өнім жинаған диқанның тыныс-тіршілігімен тілшіміз Меруерт Қыдырбайқызы танысып келді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.