Алматы облысындағы 133 ауылдық округ тұрғындары өз ісін дамыту үшін жеңілдетілген несие ала алады. Оған «Ауыл аманаты» бағдарламасы сеп. Жыл басынан бастама шеңберінде 104,4 млн. теңге сомасына 16 шағын несие берілген. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Алмас Батанов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айтуынша, қазірде қарыз алушылардан 22,1 млрд. теңге сомасына 3 582 өтінім қабылданған. Оның 593-і мақұлданыпты. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына 16 кредит берілген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.