Түріңді тіркемесең телефон қолдана алмайсың. Елімізде “Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы” бұйрыққа өзгерістер енгізілмек. Тиісті құжаттың жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында пайда болды. Алдағы уақытта қазақстандықтар ұялы байланыс қызметтерін пайдалану үшін өздерінің биометриялық деректерін, яғни, түрін тіркеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл абоненттік нөмірлерді басқа адамдардың аттарына тіркейтін қылмыскерлерге қарсы тұру үшін енгізіледі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.