Талдықорғанда “Халық заңгері” акциясы аясында 200ге жуық азамат тегін заңгерлік кеңес алды. Олар жергілікті атқарушы орган, құқық қорғаушылар, адвокаттар мен білікті заңгерлерден кеңес алды. Әр тұрғынның сұрағына жауап беріп, заң тұрғысынан көмек көрсетті. Дені тұрғын үй кезегі мен салық төлемдері мәселесін көтерді. Мұндағы басты мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.