Сталиндік репрессияға ұшырағанның бірі – қазақтың көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіров. Қасаң да қатал саясаттың жазықсыз құрбанына айналған боздақ есімі ұмытылмайды. Бүгін Талдықорғанда қайраткерді еске алу шарасы өтіп, есімі ұлықталды. Тағылымы мол шараға облыс әкімі Қанат Бозымбаев арнайы қатысты. Мұнымен қоса, ақынның ұрпақтары, Ілиястанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері шақыртылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.