Үй ішінен үй тігуге жол берілмейді! Бүгін Талдықорғанда «Сепаратистік әрекет көріністерінің алдын алу» мақсатында шара өтті. Жиынға қоғам белсенділері мен облыстық ассамблея мүшелері және қалалық прокуратура өкілдері қатысты. Жетісу өңірінде сепаратизим бойынша түсіндерме жұмыстарын жүргізетін ақпараттық тобы құрылады. Барлық елді мекенде мамандар жұмыс жасайды.Сепаратизм бөліну деген мағынаны білдіреді. Ол мемлекет пен ұлтқа, халықаралық аумақтық қауіпсіздікке қатер төндіретін қозғалыс.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.