Білім күште. Талдықорғанда «Worldskills Zhetysu 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Оған облыстан 26 колледж және өзге өңірден 14 команда қатысады. Жарыс 27 мамандық арасында өтеді. Басты мақсат – студенттердің шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын арттыру.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.