Қар жауып, қыстан хабар келді. Қимылдайтын сәт туды. Талдықорғандық коммуналдық қызметкерлер қысқы маусымға сақадай-сай. Шаруашылық қызметі қала жолдарын тазалайтын арнайы көліктер мен бірнеше тонна тұз бен құм сатып алған. 200-ден аса қызметкер жұмыстарына белсене кірісуге дайын отыр.