Субұрқақтар маусымы ашық! Талдықорғанда ән салатын субұрқақтардың жарқын мерекесі өтті. Салтанатты шараға облыс орталығының көптеген тұрғындары қатысты. Осы жазда орталық алаңда, “Жастар” саябағында, Бикен Римова атындағы драма театрының алдында, сондай-ақ Жолбарыс Би ескерткішінің жанында орналасқан субұрқақтар өз салқынын сыйлайды. Айта кетейік, бүкіл ел бойынша Талдықорған қаласы субұрқақтар маусымын бірінші болып ашты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.