Биыл Талдықорғанда инклюзивті спорт кешені бой көтереді. Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған спорттық-оңалту орталығының уақыт капсуласы салынды. Салтанатты шараға Жетісу облысының әкімі қатысты. Бейбіт Исабаев әлеуметтік нысанның ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамға белсенді араласуына кең мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






