Талдықорғанда “Жанұя” отбасын қолдау орталығы бар. Мұнда қамыққанға көңіл бөлініп, кәсіп бастап кетуге көмек беріледі. Мекемеге әлеуметтік санатқа жататын және қиын өмірлік жағдайдағы кез- келген азамат жүгіне алады. Сонымен қатар ата-аналар мен балалар осы орталықтағы психолог пен заңгер және басқа да мамандардан тегін кеңес ала алады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.