Талдықорғанда жемқорлықтың кесірінен аяқсыз қалған үйлердің құрылысы қайта жанданды. Жуырда алғашқы жиырма бес баспана кезекте тұрған жандарға берілмек. Бұл “Береке” шағын ауданындағы үйлер. Коттедж қалашығында құрылыс жұмыстарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысы мен қала әкімі тексеріп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.