Дәстүрлі “Таза бейсенбі” акциясы аясында бүгін 2 мыңға жуық жетісулық тазалық жұмысына қатысты. Аймақ бойынша 125 тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық шарада Талдықорған тұрғындары да белсенділік танытты. Қала маңындағы Балықты өзенінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар шаһар ішіндегі арықтар мен орталық жағажайда тазаланып шашылған қоқыс жиналды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.