Аптап ыстыққа байланысты таудағы мұздықтар еріп, өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сондықтан, мамандар сел қауіпін сейілтуге кірісті. Арнасынан асып, тасуы ықтимал жерлерді анықтап, су көлемін азайтуда. Осы мақсатта, “ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ” мекемесінің қызметкерлері тікұшақпен әуеден шолу жүргізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.