Жетісу облысының бірнеше аймағында тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Өткен ғасырдың орта шенінде салынған Текелі қаласындағы көпқабатты үйлер әбден тозған. Дегенмен, бұл моноқалаға туристер жиі келеді. Сондықтан шаһардың сәулеттік келбетін қалыпқа келтіру аса маңызды дейді жауаптылар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






