Қыстың қамын жаз ойлап қойыпты. Қонаев тұрғындары қам жемесе болады. Алматы облысының орталығы жылыту маусымына дайын. Бірақ, азаматтар қалтасына салмақ түсірейін деп тұр. Өйткені жылу энергиясының бағасы көтеріледі. Бұл туралы орталық қазандыққа барған өңірлік табиғи монополиялар, қалалық әкімдік қызметкерлері мен мәслихат депутаттары жұмыс сапары барысында анықтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.