Ел құрметіне бөленген жан. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Жалаири 80 жасқа толды. Қоғам қайраткерінің мерейтойына орай Алматыда ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық деңгейдегі басқосуға “Жаңа Қазақстанның құрылысы: саяси-құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени негіздері” тақырыбы арқау болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.