Жаңа оқу жылында ауыл оқушыларына ерекше көңіл бөлінбек. Алғаш рет ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтетін болды. Оқу-ағарту министрлігі осындай бастама көтеріп отыр. Мақсат ауылдық мектептердің дарынды, талантты оқушыларын анықтау, оларға қолдау білдіру, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру. Олимпиада қатысу құқығы 9-11 (12() сынып білімгерлеріне берілмек. Ерекшелігі 2 кезең бойынша іріктеледі. Аудандық олимпиададан үздік болған оқушы, бірден республикалық білім бәйгесіне қатысатын болады. Қорытынды кезеңнің қатысушылары Республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алу үшін қабылданады. І-дәрежелі диплом алған жеңімпаздар оқу-жаттығу жиындарына шақыртылып, Жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолдама алады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.