Жамбыл ауданында әлеуметтік топтағы 7 отбасы баспаналы болды. Қуаныш иелерін облыс әкімі арнайы барып құттықтады. Марат Сұлтанғазиев аудан тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді тыңдады. Артынша Ұзынағашта еңсе тіктеп жатқан бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, құрылыс сапасын тексерді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.